Жарияланған күні: 01.08.2016 11:34
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы  25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы №324 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтезбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілетіні туралы хабарлайды.

200.00, 220.00, 400.00, 421.00, 590.00, 700.00, 701.00, 701.01 салық есептіліктерінің нысандарына және жасау қағидаларына, сондай-ақ 100.00, 150.00, 230.00, 300.00, 910.00, 920.00 нысандарын жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Салық төлеушілер үшін 2016 жылға арналған салық есептілігінің көрсетілген нысандарының жаңа үлгілеріне 2016 жылдың 5 тамыздан бастап қолжетімді болады.

Бұйрық күшіне еңгізілгенге дейін мемлекеттік кірістер органдарына тапсырылған салық есептілік нысандары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің 584-бабына сәйкес тапсырылды деп саналады, өйткені тапсыру кезеңінде салық есептілігі нысаны өкілетті орган бекіткен үлгіге сәйкес болғаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты Бұйрық күшіне енгеннен кейін (шамамен 5 тамыздан кейін) салықтық міндеттемені орындағанда, жаңа үлгідегі салық есептілігі        2016 жылғы 2 тоқсанға салық есептілігін ұсынбаған салық төлеушілер тапсырады, сол себептен аталған міндеттеме салық есептілігін тапсырып қойған салық төлеушілерге таратылмайды.