Жарияланған күні: 17.06.2021 18:19
Өзгертілген күні: 17.06.2021 18:15

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 560 - бабының 1-тармағына сәйкес мыналарды:

     жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);

пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған тұлғалар төлемақы (бұдан әрі-төлемақы)  төлеушiлер болып табылатындығың салық төлеушілердің назарына жеткізеді.

Салық кодексінің 561 бабына сәйкес мыналар салық салу объектісі болып табылады:

  1. пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі;
  2. мемлекет уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беретін жер учаскесі.

    « Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI Кодексінің 10-бабы 1-тармағына сәйкес топырақ қабатынан төмен, ал ол болмаған кезде жер бетінен төмен орналасқан жер қыртысының бөлігі, су айдындары мен ағын сулардың түбі жер қойнауы деп танылады.

2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 12-бабы 21) тармақшасына сәйкес жер учаскесі - осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі.

Осылайша, жер учаскесі уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға), жер қойнауы учаскесін пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде алған жағдайда, салық төлеушіде әртүрлі объектілер бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме туындайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем 105315 бюджеттік сыныптама кодына есептеледі.

                                                  

Түсіндіру жұмысы басқармасы