Жарияланған күні: 19.03.2021 16:55
Өзгертілген күні: 19.03.2021 16:55

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №1232 бұйрығымен салық төлеушілерге шолып тексеруді жүргізе отырып әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобасы бекітілгенін салық төлеушілердің назарына жеткізеді.

Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы арнайы бейнебақылау және (немесе) фотоға түсіру құралдарын қолданумен қарап тексеру нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге нысаны шолып тексеру болып табылады.

Шолып тексеруді жүргізе отырып, салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жоба Қазақстан Республикасында жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, павильондар аумағында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады.

         Пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік кірістер органы қалыптастратын штрих-код (QR-коды) пайдаланылады.

Жоғарыда көрсетілген кәсіпкерліктің субъектілері QR-кодты (штрих-код)  алу үшін  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-портал арқылы (https://kgd.gov.kz) белсенді терезеде жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН/БСН), бақылау-касса машинасының (бұдан әрі – БКМ) тіркеу нөмірін енгізу, "код құру" деген батырманы басып, әрі қарай басып шығару жолымен штрих-кодты (QR-кодты) алады және БКМ орналастырылған жерде штрих-кодты (QR-кодты) орналастырады.

         Штрих-код (QR-код) мынадай ақпаратты: ЖСН/БСН; салық төлеушінің толық атауын; салық төлеушінің орналасқан жерінің мекенжайын; алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауын; БКМ тіркеу нөмірін; салық төлеушінің мәртебесін (әрекет, әрекетсіз, қызметті тоқтата тұру) қамтиды.

 Мемлекеттік кірістер органы шолып тексеруді тіркеу есебіне қойылмау мәселесі бойынша шағымдардың түсуіне,  БКМ қолдану тәртiбiн бұзу, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы,  алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болмауы, бұрынырақ шолып тексерумен анықталған бұзуышлықтарды жоюға байланысты мемлекеттік кірістер органдарының Шешімі негізінде жүргізеді.

Шешімде көрсетілген шолып тексеруді жүргізу мерзімі басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күн бұрын мемлекеттік кірістер органдарының интернет-ресурсында Шешім орналастырылады.

                                                                  Түсіндіру жұмысы басқармасы