
Салық және кеден мәселелерін түсіндіру бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті @"Salyqbot" сілтемесі бойынша Telegram-да Чат-ботты іске асырды.
Salyqbot - қазақ және орыс тілдерінде цифрлық салық консультанты, ыңғайлы болу үшін Qr-кодтың көмегімен кіру мүмкіндігі қарастырылған.
SalyqBot көмегімен Сізде:
- салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;
-көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;
-салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге
-өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;
-түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;
- тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push – хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;
- банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;
- егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.
@Salyqbot цифрлық салық кеңесшісінің сервистеріне жазылыңыз және пайдаланыңыз.