Жарияланған күні: 10.11.2022 18:25
Өзгертілген күні: 10.11.2022 18:25

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау үшін онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырады.  

Салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан кері байланыс алу үшін сауалнама парақтары Департаменттің Instagram парақшасында - shko.salyk.kz  taplink.cc/dgd.vko сілтеме бойынша, сондай-ақ Telegram қосымшасында t.me/mkd_shko сілтеме бойынша орналастырылған.