
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті"AMANAT" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау алаңында "құқық көмек" партиялық жобасы аясында 2024 жылғы 19 қыркүйекте азаматтарды тақырыптық қабылдауға қатысты.
Азаматтарды қабылдау барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарына жеке тұлғалардың банкроттығы туралы сұрақтар келіп түсті, оларға өтініш білдірген азаматтар толық жауап алды.