
2024 жылғы 9 қазанда Өскемен қаласының «Юбилейный» кинотеатрында 1С - Рейтинг фирмасының офлайн және онлайн форматтағы кең ауқымды 5000 - нан астам қатысушы қамтыған республикалық семинары өтті.
Спикерлер ретінде 1 С - Рейтинг фирмасының жетекші мамандары, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова сөз сөйледі.
Семинар барысында Гүлмира Камильевна салық заңнамасы мен платформалық жұмыспен қамту жөніндегі Әлеуметтік кодекстегі соңғы өзгерістермен, арнайы мобильді қосымшаның көмегімен қолдананылатын АСР таныстырып, сондай - ақ, әлеуметтік төлемдер мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету, «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының талаптарымен, БКМ қолдану туралы, БКМ чектерінде барлық деректемелерді, оның ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауын міндетті түрде көрсету қажеттігі жайлы, SalyqBot-тағы жаңа сервистер және МКК-нің басқа да цифрлық жаңалықтары туралы ақпаратпен бөлісті.
Әрі қарай спикер салық заңнамасы бөлігінде кәсіпкерлердің жиі қойылатын сұрақтарына тоқталып, толық жауаптар ұсынды. Сондай-ақ, Департамент өкілі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға арналған кеден саласындағы қызметтерге ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ететін «КЕДЕН» ақпараттық жүйесін әзірлеп жатқанын мәлімдеді.
Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып қана қоймай, бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алды. Іс-шара соңында қонақтар ұйымдастырушылар мен спикерлерге алғыстарын білдірді.