
2018 жылғы 01 сәуірден барлық кедендік рәсімдер бойынша адами фактор алынып тасталып, кедендік декларациялауды толық автоматтандыру үшін «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «АСТАНА-1» АЖ) іске қосылды. АСТАНА-1 АЖ Ұлт жоспарының 38 және 39 қадамдарын жүзеге асыру аясында дайындалып енгізілді.
АСТАНА-1 АЖ жұмысын тәртіпке келтіру мақсатында, кедендік операцияларды жасауға уәкілетті мамандардың жауапкершілігін дербестендіруді ескере отырып, 2019 жылғы 22 шілдедегі 00:00 сағаттан бастап АСТАНА-1 АЖ жұмыс істеу қатаң түрде мамандардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) жүзеге асырылады (1 сурет).
АҚ, ЖШС не (немесе) МО қызметкерлеріне АСТАНА-1 АЖ-да жұмыс жасау үшін, «Заңды тұлғаларға» қажетті ҚР ҰКО тіркеу куәліктерінің түрін таңдауыңыз қажет. ЭЦҚ-ны Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының сайтында - www.pki.gov.kz әзірлеуге болады, немесе "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының" КЕАҚ (ХҚКО) халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады.
1 сурет.
ҚР ҰКО тіркеу куәліктерінде 2 түрлі сертификат *.p12 бар:
1) AUTH_RSA… алгоритміндегі сертификат – сәйкестендіру үшін тіркеу куәлігі – интернет ресурсқа немесе ақпараттық жүйеге (АЖ) кіру (сәйкестендіру) рәсімі арқылы өткен тұлғаны анықтау үшін арналған тіркеу куәлігі.
2) GOST… алгоритміндегі сертификат – электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) үшін тіркеу куәлігі – электрондық құжатқа қол қоятын тұлғаны анықтау үшін арналған тіркеу куәлігі.
Сертификат арқылы сәйкестендіру Browse батырмасын басу қажет, және пайда болған терезеде AUTH_RSA… алгоритміндегі сертификатты таңдау қажет (2 сурет).
2 сурет.
Егер сертификат дұрыс болса, онда қолданушының аты және құпиясөз бойынша авторизация сәтті өтеді (3 сурет).
3 сурет.
Егер сертификат дұрыс болмағанда немесе мерзімі өткен жағдайда, онда жүйеме авторизация мумкін емес, жүйе қате шығарады (4 сурет).
4 сурет.
ҚР ҰКО барлық тіркеу куәліктерінің қолданыстағы мерзімі оларды шығарған күнінен бастап 1 жылды құрайды. Осы уақыттың өтуі бойынша ҚР ҰКО тіркеу куәліктері жарамсыз болып табылады. Сондытан, АСТАНА-1 АЖ-ға қолжетімділігі бар әр қолданушы ақпараттық жүйедегі қолжетімділікке және өзінің ЭЦҚ мерзімін бақылауға жауапты.
Мукашева Гулайым Сагидановна
ШҚО бойынша МКД Ақпараттық технологиялар басқармасының
бас маманы