Жарияланған күні: 30.09.2016 16:21
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

2016 жылы 28 қыркүйекте ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кезекті Консультативтік кеңестің отырысы өтті. 

Консультативтік кеңес қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасындағы салықтық және кедендік реттеуді жетілдіруде салық және кеден ісі салаларындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерге және тұлғаларға көмек көрсету, салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімді әдістерін енгізу, мемлекеттік кірістер органдарына сенімді арттыру болып табылады.

Тоқсанына бір рет Департаментте Консультативтік кеңес өтеді Кезекті отырысты Департамент басшысы Бауыржан Айнабеков ашты.

«Тауарларды уақытша және басқа орындарға сақтауға орналастыру» тақырыбына ШҚО бойынша МКД кедендік бақылау басқармасы басшысы Р.Н. Нұрлыбеков баяндама жасады.  

Одан ары кедендік бақылау басқармасы тауарларды жеткізуді бақылау бөлімінің бас маманы О.Чуваева  қатысушыларды Кеден одағының аумағына әкелінетін тауарларды алдын ала ақпараттандыруды енгізу туралы таныстырды. Ол Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 899 шешімі және Еуразия экономикалық кеңесінің  2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 196 шешіміне сәйкес Кеден одағының кеден аумағына әкелінетін тауарлар бойынша негізгі тұстарына тоқталды.

Консультативтік кеңес хатшылығына Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасынан, ШҚО бойынша «ҚР Салықтық консультанттар палатасы» өкілдігінен келіп түскен сұрақтарға жауап берілді, сондай-ақ, «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС өзекті сұрақтары отырыс барысында талқыланды.

«Бипэк авто» ЖШС, «Құндыз» ЖШС және басқа салық төлеушілер мен СЭҚҚ-дан салықтар түскен сұрақтарға жалған кәсіпорындар еонтрагенттеріне (ҚҚС, КТС) салықтар сомасын қосымша есептеу тәртібін қарастыру, қосымша есептелген сомаларға шағымдану тәртібі, мәмілелердің нақтылығын тану тәртібі, 07.07.2016ж. ҚР Жоғары сотының №5,6,7 нормативтік қаулысының заңды күшіне енуіне байланысты тиісті салықтық нормаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу және төлеуге қабілетсіздікті қолдау ретінде рәсімдерін тәжірибеде қолдану, сондай-ақ, тәуекел бейіндер туралы ШҚО бойынша МКД құрылымдық бөлемшелерінің басшылары жауап берді.

Одан ары ШҚО бойынша МКД ішкі қауіпсіздік басқармасы жедел жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің офицері М. Рахимбаев Департаментте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілердің алдын алу және болдырмауға баса назар аударды.

БКМ орналастыруға қатысты сұрақтарға «Қазақтелеком» АҚ өкілі Б.Жұмаділов, оңалту және банкроттық туралы «АБЖК» АҚ өкілі Ф.С.Тусупбаев жауап берді.

Өткен отырысты қорытындылай отырып, Департамент басщшылығы қатысушыларға, салық және кеден салаларындағы құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылауға белсенділік танытқандары үшін алғысын білдірді.