Жарияланған күні: 15.03.2016 09:33
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

2016 жылы 11 наурызда  ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Кеден заңнамасы саласындағы реформаларды түсіндіру» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Алғы сөзді Департамент басшысы Бауыржан Айнабеков алды, ол «дөңгелек үстел» отырысына қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.

Өз сөзінде Департамент басшысының орынбасары міндетін атқарушы Нұрлыбеков Руслан салықтық және кедендік әкімшілендіру сұрақтары, сондай-ақ, әр түрлі саладағы бірқатар нормативтік-құқықтық актілердің қабылданғаны «100 нақты қадам 5 институционалдық реформа» жоспарын» жүзеге асыру аясында экономикалық қиындықтарды жеңу, - деп атап өтті.

Бұдан кейін Р.Н. Нұрлыбеков қатысушыларға кеден заңнамасы саласындағы соңғы реформалар және ЕАЭО-та тауарларды алып өту тәртібімен таныстырды. Сонымен қоса, бүгінгі таңда ЕАЭО Кеден кодексін қабылдау ЕАЭО-дағы маңызды сұрақтардың бірі болып табылатындығын, ЕАЭО - ға ол мүше-мемлекеттердің арасында келісу кезеңінде жатқандығын айтты. ЕАОЭ КК жобасындағы жаңа тәсілдемесіне жан - жақты тоқталды. Сондай-ақ, СЭҚ қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Түсіндіру жұмысы басқармасы кеден заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Г.К. Байкадамова қатысушыларға Бүкіләлемдік Банктің «DoingBusiness» рейтингіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бүгінгі таңда басты міндеттердің бірі екендігі туралы ақпараттандырды. Ол «электрондық үкімет» төленгенін растайтын, құжатты беруді талап етуді алып тастау мақсатында, екінші деңгейдегі банктердің деректерін «электрондық үкімет» төлем шлюзімен және кеден органдарының ақпараттық жүйесімен бірлестіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты. Кедендік ресімдеу уақыты Бүкіләлемдік Банктің «DoingBusiness» рейтингінде «Халықаралық сауда» көрсеткішін құрайтын индикатордың бірі болып табылады. Сонымен қатар, Бүкіләлемдік Банктің жаңа есебі бойынша Қазақстан 53-ші орыннан 41-ші орынға көтерілгеніндігіне назар аударды.

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы есеп және дербес шоттар жүргізу бөлімінің бас маманы О.М. Кошурникова екінші деңгейдегі банктердің деректерін «электрондық үкімет» төлем шлюзімен және кеден органдарының ақпараттық жүйесімен бірлестіру жұмыстары бойынша атқарылған жұмыс туралы айтты. Сондай-ақ, барлық қатысушыларды алдағы уақытта Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» кодексінің 138-бабы, 9-тармағына енгізілетін кедендік төлемдер мен салықтар төленген соммалары туралы ЭҮТШ арқылы банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мен ЕДБ берілетін мәліметтер мен ақпараттар тауарлар шығарылымы үшін кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді растауға қатысты  өзгерістер туралы ақпараттандырды.

«Өскемен-КРО» кеден бекетінің бас маманы Е.Р. Дәкежанов өзініңі баяндамасында

металл экспортын жүзеге асыру тәртібіне тоқталды. 2015 жылы экспортталған маталдардың түрлері, сондай-ақ, металл және асыл металлға қатысты қолданылатын тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралар туралы жан-жақты тоқталды.

Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы үшінші елдердің және кеден одағының импортын әкімшілендіру бөлімінің бас маманы С.Е. Касымова Кеден одағында тауарлар импортында қосымша құн салығына салық төлеу және есептеу тәртібі туралы тоқталды. Салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, өзінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште және электрондық түрде не электрондық түрде табыс етуге міндетті екендігін атап өтті.

«Дөңгелек үстел» отырысы барысында  «Акцепт» ЖШС, «Крепта ВЭД» ЖШС, «Қазмырыш», «СП Полиус» ЖШС түскен сұрақтарға жауап берілді.

ШҚО бойынша МКД