Жарияланған күні: 07.02.2017 16:42
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:36

ҚР ҚМ МКК ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

            Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы жүргізілген БКБ қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмасына сәйкес, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының және шағын және орта бизнес қызметкерлерлерінің кәсіподағы Қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен 2017 жылы 31 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің Новеллалары және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Кодексінің жобасы бойынша «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті.                                 Кіріспе сөзбен Департамент басшысының орынбасары сөз сөйледі және қатысушыларды «дөңгелек үстел» мәжілісінің бағдарламасымен таныстырып өтті.

Сөз барысында ШҚО бойынша МКД Кедендік бақылау басқармасының басшысы Р.Н.Нұрлыбеков қатысушылардың назарына жаңа кеден кодексіндегі маңызды өзгерістер мен жаңалықтар туралы жеткізді.

Электронды кедендік декларациялау туралы, кеден органдарына алдын ала ақпаратты ұсыну үдерісінің жетілдірілуі туралы, брокерлік компаниялардың қатысуынсыз, кеден органымен кеден декларациясын толтыру мүмкіндігінің баламалы тұжырымын енгізу туралы, тауарлардың шығу мерзімін қысқарту, кеден баждарын төлеу бойынша кейінге шегеруді ұсыну түрінде жаңа жеңілдіктер туралы, декларациялар берілгенге дейін шығарылу қолданылатын тауралар тізбесін кеңейту жайлы және т.б. толығырақ айтып өтті.                                                                               Р.Нұрлыбеков енді куәліктің 3 түріне бөлінетін және тәуекелдің төменгі деңгейіне жататын уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) институтының айтарлықтай түрленуі туралы сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының назарын ерекше аударды.

Әрі қарай Р.Нұрлыбеков өз сөзінде Кеден кодексі күшіне енгеннен кейін жеке пайдалану үшін жеке тұлғалармен тауарларды тасу нормаларын кезеңмен төмендету туралы айтып өтті. 

Сөз соңында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Кодексінің жобасы көпшілікке қолжетімді және ҚР ҚМ МКК сайтының аймақтар бойынша Департаменттер (ШҚО бойынша МКД) бөлімінде орналастырылғандығын http://vko.kgd.gov.kz/ru айтты.     

«Дөңгелек үстел» мәжілісінің барысында сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларынан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Кодексінің жобасына енгізу үшін бірқатар ұсыныстар түсті.