Жарияланған күні: 16.05.2016 15:04
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:35

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Өскемен қаласының жоғары оқу студенттерін  жұмыспен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметке кіру тәртібін таныстыру және жұмысқа тарту үшін 2016 жылдың 13 мамырында  сағат 11-00 «Ашық есік» акциясы  өткізілді.

Облыстағы ЖОО-на  (С. Аманжолов атындағы Шығыс  Қазақстан  Мемлекеттік университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық   университеті, Қазақстан Америка еркін университеті, Қазақ  инновациялық  гуманитарлық-заң          университеті) хаттар жолданылып,  Ашық есік күніне жауапты мамандардың тағайындалуымен жоспар жасалынды. Іс-шараға ЖОО-ның «Кеден ісі», «Юриспруденция», «Экономика»  мамандығы бойынша  30 түлегі қатысты.

ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасарының  Е. Е. Сагитов кіріспе сөз сөйледі.

Салық  саласындағы сұрақтар туралы докладты  ШҚО бойынша МКД салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Сабралимова Г. К.  түсіндіріп өтті.

Кеден  саласындағы сұрақтар туралы докладты  ШҚО бойынша МКД Кедендік бақылау басқармасының басшысы Нұрлыбеков Р. Н. түсіндіріп өтті.

Мемлекеттік кірістер органдарының  департаментінің жұмыс тіршілігін туралы және кедендік бақылау, кедендік бақылаудың техникалық құралдары туралы  слайдтар, құралдар  көрсетілді.

 Жұмысқа орналасу тәртібі туралы  ШҚО бойынша МКД персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы Валиханова М. В. түсіндіріп өтті.

Жоғарыда көрсетілген  шараға  Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменттің өкілі Байматаева Сауле Советхановна қатысып, өз ойын ортаға салып сөз сөйледі.

Түлектер үшін Департамент мұражайына  экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында бірнеше түлектер  Департаменттегі әкімшілік  бос лауазымдарға жұмысқа орналасуға тілек білдірді.