
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылдың 26 қаңтардағы №73 бұйрығына сәйкес, кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтер тексеру нысаны түрінде, декларантқа немесе кеден өкіліне ақпараттық жүйе арқылы ЭТД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жолданады. Аталған құжаттар электронды түрде (сканер көшірмесі) «Жүктелген құжаттар» салымына жүктелуі тиіс. Сонымен қатар, ҚР «Кедендік реттеу туралы» кодексінің 179 бабына сәйкес, кедендік декларациядағы мәліметті растайтын құжаттар тізімі белгіленген.
Евразиялық Экономикалық комиссияның 2018 жылғы 27 наурыздағы №42 шешімінің 7 және 8 тармақтарында кедендік құнға тексеру жүргізілген кезде кеден органдарымен СЭҚ қатысушыларынан сұралынатын құжаттар тізімі Евразиялық Экономикалық кеден кодексінің 325 бабы 4 тарауына сәйкес (ҚР «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» кодексінің 410 бабы 4 тарау) белгіленген.
Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұрату негізделген болуға тиіс және кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер және (немесе) өзге құжаттардағы мәліметтер тиісті түрде расталмағанын не анық болмауы мүмкін екендігін көрсететін белгілер тізбесін, қосымша сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімдерін қамтуға тиіс.
«Майқапшағай» кеден бекетінің бас маманы Абдешбеков Б.Б.