
Көшпелі кедендік тексеру туралы
Мемлекеттік кірістер комитетінің Қаржы министрлігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Кодекстің 418 бабына сәйкес кедендік бақылаудың бір нысаны көшпелі кедендік тексеру болып табылады.
Көшпелі кедендік тексеру көшпелі кедендік тексеруді кеден органы заңды тұлғаның тұрған жеріне бару арқылы жүргізіледі. Көшпелі кедендік тексеру Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру және жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру болып бөлінеді.
Көшпелі кедендік тексеру нұсқаманың негізінде, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тексеру басталғанға дейiн тексерiлетiн субъектiнiң тұрған жерi бойынша жүргізіледі.
Көшпелі кедендік тексеру өзге нысандарда кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша, камералдық кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша сондай-ақ Кодекстің 418 бабының 10 тармағына сәйкес тағайындалуы мүмкін.
Тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесін табыс еткен күн көшпелі кедендік тексеру жүргізу басталған күн болып есептеледі.
Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі екі айдан аспауға тиіс, тексеруді жүргізу мерзімі мұндай тексеруді жүргізетін кеден органының шешімі бойынша бір айға ұзартылуы мүмкін.
Көшпелі кедендік тексеруды жүргізуді тоқтата тұру қарастырылғандығын айта кету керек.
Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органы басшысының шешімі бойынша келесі жағдайларда тоқта тұруы мүмкін:
1) жоспардан тыс қарсы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу;
2) кедендік сараптаманы жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының құзыретті органдарына, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салуларды жіберу;
4) тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттарды қалпына келтіруі;
5) көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша тұжырымдарға әсер ететін, тексерілетін кезеңге қатысты қосымша құжаттарды ұсыну қажет болған кезде .
Cонымен қатар, көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тоқтата тұру мерзімі жиырма төрт айдан аспауға тиіс. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқамаға көшпелі кедендік тексеру мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ оның жүргізілуін тоқтата тұру туралы тиісті жазбалар енгізіледі, ол туралы тексерілетін тұлға хабардар етіледі.
Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша ресімделген, екі данада жасалатын және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын көшпелі кедендік тексеру актісі жасалған күн көшпелі кедендік тексеру аяқталған күн болып есептеледі.
Көшпелі кедендік тексеру жеке тұлғаларға қатысты жүргізілмейді, жеке кәсіпкерлерді қоспағанда Қазақстан Республикасының заңнамалаырна сәйкес тіркелген.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы Көшпелі кедендік тексеру бөлімінің басшысы А.А. Арингазин