Жарияланған күні: 18.01.2024 15:26
Өзгертілген күні: 18.01.2024 15:28

12.12.2023 ж. Мемлекет басшысының "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына қол қоюына байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Корпоративтік табыс салығы бойынша (КТС) өзгерістер туралы хабарлайды

Салық кодексінің 264-бабы 1-1) тармақшасының бірінші бөлігіне және 288-бабы 1-тармағының бірінші бөлігі 3-2) тармақшасының бірінші бөлігіне (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) нақтылау бөлігінде толықтырулар енгізу, бұл бейрезиденттен – басқарушылық, консультациялық, консалтингтік, аудиторлық, дизайнерлік, заңгерлік, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық, маркетингтік, франчайзингтік, қаржылық (сыйақы бойынша шығыстарды қоспағанда), инжинирингтік, агенттік қызметтер, роялти, зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқығы осындай бейрезидент – өзара байланысты тарап жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген кезде ғана өзара байланысты тараптар сатып алынған материалдық емес қызметтер бойынша шығындарды шегеруге жатпайды.

Бұл шарт жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша салық салынатын табысты азайту мақсатында байланысты нормаға да қолданылады