Жарияланған күні: 28.06.2019 10:45
Өзгертілген күні: 22.11.2019 14:15

 

Көркемөнерпаздар байқауы

 

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен 2019 жылдың 21 маусымында Департаменттің құрылымдық бөлімшелері арасында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары қызметкерлерінің қатысуымен  Мемлекеттік кірістер органдарының құрылу күнінің 5-жылдығын мерекелеуге орай көркемөнерпаздар байқауы өткізілді.

Байқауды әдеп жөніндегі уәкіл Шамшина Жанар Кабдыкадыровна ашты. Ол барлық келушілермен амандасып,  аталған байқау орталық және аймақтық деңгейдегі қызметкерлердің қарым-қатынастарын нығайту, жас қызметкерлер арасында жаңа дарындарды ашу, Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен өнерін, отандық классиктер мен композиторлардың шығармаларын насихаттау үшін ұйымдастырылып отырғандығын атап өтті. 
            Қызметкерлер арасындағы көркемөнерпаздар байқауының бағдарламасындағы қойылымдарда қатысушылар келесі жанрлар бойынша өнер көрсетті:

  1) халықтық

2) ән

3) би

4) мәнерлеп оқу.

Байқау халықтық әндер мен билерден басталды. Байқауға қатысушылар түрлі-түсті костюмедірмен халық әндерін орындап, домбырада ойнады, өз шығармашылығындағы әндерді айтты.

Қатысушылардың вокалдары мен әсерлі билердің жарқын орындалуы    көрермендер мен қазылар алқасын таң-тамаша етті. Вокал номинациясында өзі шығарған өлеңдер орындалды.

Байқау жүлдегерлерін бағалау және анықтауды конкурстық комиссия (бұдан ары-Байқау) жүргізді, оның құрамына өнер мектебінің түлегі, концертмейстер, балалар саз мектебінің оқытушысы Нигмеджанова Зухра, қызметтік тергеу бөлімінің басшысы-әдеп жөніндегі уәкіл Шамшина Жанар Кабдыкадыровна, түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Дроздова Надежда Сергеевна, қаржы бөлімінің басшысы Худжамжарова Гульмира Махмудовна, бас маман-тілші Нұрғазина Лаура Жоламановна кірді.

Байқауды бағалау әр қайсысына үш жүлделі орынды тағайындаумен бес номинация бойынша жүргізілді, сондай-ақ «көрермендер көзайымы», «ең үздік патриоттық ән» бөлек номинациялар берілді.

Байқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар  марапатталғаннан кейін, қазылар алқасымен хореография, вокал, сонымен бірге көркем оқу мәнері - жүрекпен оқу сияқты бағалы ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар еңбек өтілдері жоғары, дегенімен жас қызметкерлер арасында байқауға қатысқан жекелеген қызметкерлер аталып, оларға алғыс білдірілді.

 

 

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыру-қаржы басқармасы ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хасенова Салтанат Толепбергеновна