Жарияланған күні: 16.02.2017 11:03
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:36

Контрабандалық тауар өткізудің жолы кесілді

 

13.02.2017 жылы сағат 9:45-те ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінің кедендік бақылауынан өту кезінде жолаушылар терминалында Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына бет алған Қытай Халық Республикасының азаматшасы ABAN QIAERHUMAERдің (15.11.1973 ж.т.) өзін психологиялық тұрғыдан ерекше ұстап, қобалжулы болуымен өзіне кеден бекеті қызметкерлерінің көңіл аударған. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылаудан жасырын тауар немесе тыйым салынған заттар өткізуі мүмкін деген күдік туындағандықтан, кеден заңдылықтарын басшылыққа ала отырып ҚХР азамтшасы ABAN QIAERHUMAERға жеке тексеріп қарау жүргізу туралы шешім қабылданған.

 Жеке тексеріп қарау барысында ҚХР азамтшасы ABAN QIAERHUMAERдің шалбарының ауынан қара 

целлофанға оралған салмағы мөлшермен 200 гр. болатын жабайы аңның екі мүйізі табылды. 

Әрі қарай тексеру барысында ҚХР азаматшасы ABAN QIAERHUMAER (15.11.1973 ж.т. төлқұжат №Е00174143 18.07.2012 жылы ҚХР берілген) мүйіздерді ҚХР ауырып жатқан енесіне апара жатқандығын, аталған мүйіздерді ШҚО, Зайсан ауданы, Жаңа тұрмыс ауылының тұрғыны Қуан есімді ағасынан алғанын айтты. 

         Аталған дерек ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметімен 13.02.2017 жылы АЕАК тіркелді және ҚР ҚК 339-бабында (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) қарастырылған қылмыстық белгілері бойынша ШҚО ІІД Зайсан аудандық ІІБ берілді.