Жарияланған күні: 29.01.2020 16:16
Өзгертілген күні: 29.01.2020 16:22

ҚР ҚМ МКК ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

Баспасөз хабарлама

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекттік кірістер департаментімен салық төлеушілер, қоғамдық бірлестік өкілдері, «Атамекен» ШҚО кәсіпкерлер палатасы, салық кеңесшілерінің палатасы өкілдерінің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселесі бойынша 2020 жылғы 28 қаңтарда Консультативтік кеңес өткізілді.

Кіріспе сөзбен ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Е.С.Ктанов сөз сөйледі және қатысушыларды Консультативтік кеңестің бағдарламасымен таныстырды.

Қатысушылардың назарына ЕАЭО пен РК кедендік заңнамасындағы негізгі өзгерістер, мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын қазақ-қытай шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар туралы ҚХР-мен өзара айырбас туралы жеткізілді.

ШҚО Кәсіпкерлік палатасының директоры-И.В.Шацкий жүргізілетін салықтық тексерулер барысындағы күмәнді мәмлелерді жариялаудың заңды тәжірибесі туралы және осы мәселедегі бизнестің позициясын айтып өтті.

Департамент қызметкерлерімен ШҚО кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Кәсіпкерлік қызметкерлерінің кәсіподағы,  салық кеңесшілерінің палатасы, «Книга Сервис» ЖШС, «ВостокАгрохолдинг» ЖШС өкілдерінен түскен сұрақтарға жауаптар берілді.

Консультативтік кеңестің соңында Е.С. Ктанов залда отырған барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және Мемлекеттік кірістер департаментімен тұрақты ынтымақтастықтары үшін алғысын білдірді.