Жарияланған күні: 19.05.2023 17:55
Өзгертілген күні: 19.05.2023 18:00

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылғы 26 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің «Көмір мен лигнитті әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы 3 мамырдағы № 312 бұйрығына сәйкес тас көмірді; тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды және қатты отынның ұқсас түрлерін: тозаң түріндегі немесе тозаң түріндегі емес, бірақ агломерацияланбаған тас көмірді (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 2701); гагаттан басқа лигнитті немесе, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған қоңыр көмірді (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2702) автомобиль көлігімен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілгендігін хабарлайды.