
Көлік құралына кедендік декларацияны қабылдау (бұдан әрі - КҚКД) халықаралық тасымалдаудың темір жол көлік құралдарын және (немесе) темір жол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді, әуе және теңіз көлік құралдарын, сондай-ақ тауарларға арналған декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды қолдану және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші КҚКД шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға уәкілетті мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамына КҚКД қағаз тасығышын беру жолымен жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына 29-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 176-бабына сәйкес КҚКД ұсынады.
ШҚО бойынша МКД
«Әуежай Өскемен»
кеден бекеті