
Қазақстан Республикасының заңының «Казақстан Республикасының кедендік реттеу туралы» кодексінің 2017 жылдың 26 желтоқсанындағы № 123-VI ҚРЗ 224 бабына сәйкес кедендік тауарды кедендік транзит процедурасына орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы тауарға жеткізілу мерзімін бекітеді, осы көрсетілген мерзімде жөнелтуші кеден органы тауарды межелі кеден органына жеткізуі тиіс (арығарай- Кедендік транзит мерзімі).
Кедендік транзиттің шекті мерзімі бір айға екі мың километр есебінен айқындалатын мерзімнен не кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды тасымалдау ерекшеліктерін негізге ала отырып, Комиссия айқындайтын мерзімнен аспауға тиіс. Кеден органы белгілеген кедендік транзит мерзімі декларанттың немесе тасымалдаушының уәжді өтініш жасауы бойынша осы белгіленген мерзімнің шегінде ұзартылуы мүмкін. Кедендік транзит мерзімін ұзартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
Майқапшағай кеден бекеті арқылы Евроазиялық экономикалық одақ көлемінде және одан басқа да әр-түрлі бағыттарда кедендік транзиттік процедурасы бойынша транзиттік декларациямен рәсімделген тауарлар мен көлік құралдары 2019 жылғы есеп бойынша кедендік транзиттік мерзімін бұзу фактілері тіркелген жоқ.