Жарияланған күні: 08.08.2025 16:58
Өзгертілген күні: 08.08.2025 17:19

Кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу кезінде Одақ туралы шартқа немесе Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күні қолданыста болатын кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылады.

Тауарлар тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) кедендік рәсімдермен орналастырылады. Сонымен қатар, «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» ҚР заңына сәйкес,  Мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың заңсыз өткізілуінің алдын алу және жолын кесу мақсатында:

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, өткізілетін тауарларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады.

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімі 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрыққа сәйкес бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30  «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» шешімі бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар тізбесі бекітілді