Жарияланған күні: 02.05.2023 17:58
Өзгертілген күні: 02.05.2023 17:58

2023 жылғы 28 сәуірде Өскемен қаласында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Кедендік әкімішлендіру бағыты бойынша 2023 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы» тақырыбында ШҚО бойынша Аймақтық коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өткізді.

Брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тарифтік реттеу басқармасының басшысы – Қойшынов Қазыбек Қадесұлы тауарларды декларациялау, тауарлар транзиті бағыты, кедендік тексерулер, ТБЖ желісі, тарифтік реттеу бағыты туралы айтты.

Мәселен, 2023 жылдың 1 тоқсаны бойынша 36 кедендік тексеру жүргізіліп, оның ішінде 22 кеден заңнамасын бұзу фактісі анықталды, 517 500 теңге айыппұл, 0,8 миллион теңге сомасында қосымша кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді.

Сөз соңында басқарма басшысы Тарифтік реттеу департаменті мемлекеттік қызметтерді толық көлемде және заңнамада белгіленген мерзімде көрсететінін атап өтті. Тауарлардың жіктелуі мен кедендік құнының дұрыстығын бақылауды ТРБ және кеден бекеттерінің мамандары және тауарлар шығарылғанға дейін де, шығарылғаннан кейін де кедендік бақылау жүргізу шеңберінде жүзеге асырады. ШҚО бойынша МКД ақшаны уақытша орналастыру шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы бойынша СЭҚҚ өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу жоқ.