Жарияланған күні: 22.10.2024 15:25
Өзгертілген күні: 22.10.2024 15:26

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі «Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесіне өзгерістер енгізу туралы» № 62 шешіміне сәйкес  2024 жылдың 06 қазаннан бастап  кедендік баждарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарлардың тізіміне өзгерістер енгізілді.

Осылайша, 30 кВт дейінгі жылыту қазандықтары, ыдыс жуатын машиналар, мүгедектерді көтеруге және жылжытуға арналған мобильді жабдық, 10 кВт аспайтын қартазалағыш және басқа тауарларды кедендік төлемдерді төлемей жеке пайдалануға әкелуге болады.