
Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметінде тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың шекарасы арқылы өтуі кезінде "Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен реттелген кедендік бақылауды жүргізудің әртүрлі әдістері мен нысандары қолданылады.
Бұл кезеңдерде тауарларды декларациялау кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан жіберілетін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар жиі анықталады.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан ШҚО бойынша МКД "Майқапшағай" кеден бекеті де кеден заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күреске өз үлесін қосуда.
Осылайша, 2022 жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін кеден бекеті қызметкерлерімен осындай 76 бұзушылықтар анықталып, 1 975 635 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Мұндай әкімшілік құқық бұзушылықтар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіннің "кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар" 29-тарауында көрсетілген баптармен сараланады. Осы тарау баптарының санкцияларында құқық бұзушылық құралы болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарын ескерту, айыппұл, тәркілеу сияқты әкімшілік жазалар көзделген.
Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою, сондай-ақ "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ӘҚБтК-де құқық бұзушыларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан он тәулік ішінде әкімшілік айыппұлды 50 пайыз төлеу түрінде жеңілдіктер көзделген.
Сонымен қатар, " Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 150-бабында декларант барлық кедендік төлемдерді кеден органы бұзушылықтарды анықтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде төлеген жағдайда және егер мұндай төлемдердің мөлшері 500 АЕК-тен аспаса, декларант әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін деп көрсетілген.
"Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің аталған бабына сәйкес "Майқапшағай" кеден бекетінің қызметкерлерімен мемлекет бюджетіне кеден заңнамасын 12 бұзушылығы бойынша 1 940 310,08 теңге кедендік төлемдер қоса есептелді.
Кеден бекетінің қызметкерлері кеден заңнамасын бұзушылықтарды анықтаумен қатар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында осындай бұзушылықтарға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Осының арқасында құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар қандай да бір пиғылсыз жасайды.
«Майқапшағай» кеден бекеті