Жарияланған күні: 09.12.2016 14:57
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:36

2012 жылғы 17 шілдеден бастап Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы «Кеден одағы кедендік шекарасына автомобильді көлікпен енгізілген тауарлар жайлы міндетті алдын-ала ақпараттандыруды енгізу туралы» №899 Шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасында Кеден одағы аумағына автомобильді көлікпен енгізілген тауарлар туралы міндетті алдын-ала ақпаратандыру енгізілген.

Тауарларды Кеден одағы аумағына теміржол көлігімен тасымалдау үшін міндетті алдын-ала ақпараттандыру 2014 жылғы 1 қазаннан бастап енгізілген.

Еуросоюз елдеріндегі сияқты, міндетті алдын-ала ақпараттандыру Кеден одағының сыртқы шекараларындағы өткізу пунктерінің өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында енгізіледі, сондай-ақ, уақыттың қысқаруына байланысты, келу орындарында кедендік операциялар және шекарадағы өткізу пунктіне тауарлар мен көлік құралдарының келуіне дейін бақылау объектісін таңдауға тиісті кедендік бақылау тиімді жүргізіледі.   

КОК-тың осы шешімімен, келу орындарында кедендік транзит кеден рәсіміне тауарларды орналастыру үшін алдын-ала ақпарат бекітілген көлемде берілген жағдайда, берілген алдын-ала ақпарат транзиттік декларацияның электронды көшірмесі ретінде қолданылатыны қарастырылған, егер транзиттік декларация ретінде қолданылған құжаттардағы мәліметтер мен алдын-ала ақпаратта ауытқулар болмаса. 

Бұндай тәртіп, СЭҚ қатысушылардың транзиттік декларацияның көшірмесін құрастыру үшін өткізу пунктінде кедендік өкілдерге (делдалдарға) жүгіну қажеттілігін болдырмайды, бұл СЭҚ қатысушылар үшін уақыттық және қаражаттық шығындарын азайтады. 

Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасы ҚМ Кедендік бақылау комитетімен кеден органдарының Web-порталы көмегімен алдын-ала ақпараттарды қабылдау ұйымдастырылған.

Алдын-ала ақпараттың мәліметтер құрамына, оның құрылымы және түріне сәйкес келмеген жағдайда, қызығушылық білдірген тұлғаға, себебін көрсете отырып алдын-ала ақпараттың қабылданбағаны туралы электронды хабарлама  жіберіледі.

Берілген алдын-ала ақпаратта қателік болмаған кезде, қызығушылық білдірген тұлғаға, тасымалдың бірегей теңдестірілген нөмірі (ТБТН) бар электронды хабарлама жіберіледі.

Бір көлік құралында бірнеше тауарлар топтамасы тасымалданған жағдайда,  алдын-ала ақпарат әрбір тауар топтамасына жеке берілуі тиіс. Әрбір тауар топтамасына жеке ТБТН беріледі, яғни транзиттік декларацияны құрастыру бекітілген ережесі бойынша.

Алдын-ала ақпарат ТБТН берілген күннен бастап 30 тәулік кеден органдардың мәліметтер қорында сақталады. Кедендік операцияларды жүргізу үшін, ТБТН қызығушылық білдірген тұлғамен кеден органына Web-порталдан басылып шығарылған немесе көлік құжаттарында оның нөмірі көрсетілген түрінде  кеден одағы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдану орнында беріледі.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының Web-порталы алдын-ала ақпараттарды (pi.customs.kz)  беру үшін барлық СЭҚ қатысушыларға шектеусіз ашық. Бұның өзінде, порталға ену, әдеттегідей қолданушыны тіркеу жолымен жүзеге асырылады.