
Ризабек Мұқанұлы Байдашев - «Майқапшағай» кеден бекеті жеке құрам қызметкерлерінің арасындағы үлкен буын қатарындағы сыйлы тұлға. Бұл азамат кеден бекеті құрылған уақыттан бастап, яғни 1993 жылдан қызмет атқарып келеді. Ол жылдары біздін жас мемлекетіміз тәуелсіздік жолында алғашқы қадамдарын енді бастап жатқан қиыншылығы мол, қаражат мәселелері тапшы кезең еді.
«Майқапшағай» кеден бекеті Зайсан қаласынан 70 шақырым, ал Қаратал аулынынан 35 шақырым қашықта орналасқанын бәріміз білеміз. Кеден қызметкерлері елді мекендерде тұрғандықтан, жұмыс орнына жету үшін күнделікті жұмыс уақытынан бөлек, 2-2,5 сағат жеке уақыттары (барып-қайтқандарын санағанда) жолға кетеді. Қазіргі заманда кеден қызметкерлерін жұмысқа апаратын қызметтік автокөліктері (автобус) бар.
Ал тоқсаныншы жылдары Кеден, шекара, тағыда басқа кедендік бақылауға байланысы бар қызметтерге бір ғана көлік болған, ол – «Зил-130» маркалы жүк машинасы еді. Сонын ашық, ештеңе мен қапталмаған бортында 60-70 адам күнделікті жел мен жаңбыр астында жол соғып жұмыстарына барып қайтатын. Сол кездегі кеден ғимараты уақытша деген жоспармен салынғандықтан жылу сақтау, желден қорғау жағынан көптеген кемшіліктері болды. Бір жылы жылыту құрылғысының батареялары қатып, екі жарым ай бойы суық ғимаратта жұмыс атқарған. «Майқапшағай» бекетінің ұжымы сол қыстан кейін, 1994 жылы кеден ғимаратына өз күштерімен толығымен жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сол қиын-қыстау жылдары басқа да қызметкерлермен қатар Ризабек Мұқанұлы Байдашев та қызмет атқарған.
Ризабек Мұқанұлы өз сөзінде, «Тәуелсіз Қазақстанның ең бірінші Кеден кодексі 1995 жылдың шілдесінде қабылданды, оған дейін Кеңес өкметінің Кеден кодексін пайдалануға мәжбүр болдық. Кедендік нормативтік-актілер енді ғана қалыптасып жатқан кез еді, бұл салада шығарылып жатқан заңдар әлі «шикі» еді, оларды қолданып жатқан кезде көптеген сұрақтар тундайтын. Сол кезеңде Қазақстан Республикасының кедендерінде кедендік бақылауға арналған арнайы техникалық құрылғылардың соңғы шыққан аппараттары болмаған».
Жиырма бес жыл бұрын Ризабек Мұқанұлы және онымен қатарлас қызметкерлер жас еді, қиындықтарға қарамастан ерінбей еңбек етіп, жақсы нәтижелерге ие болды.
Ризабек Мұқанұлы кеден саласында еңбек атқарып жүргеніне жирма бес жылдан асты. Ал жалпы әр-түрлі мекемелерде қызмет жасаған еңбек өтілі-отыз бес жылдан астам.
2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ризабек Мұқанұлы әкімшілік- шаруашылық қызметтің бас маманы. Дәл сол жылы біріңғай «Майқапшағай» бақылау-өткізу пункті мен Қаратал аулында кеден қызметкерлеріне арналған қалашықтың салынуы басталды. Кеден ғимараты екі жылдан соң, яғни 2013 жылы, ал қалашық 2015 жылы салынып аяқталды. Бұл объектілердің дұрыс және уақытында салынуында Ризабек Мұқанұлының еңбегінің үлесі зор екенін айтып кету керек, тіпті оның еңбегі бірінші орында тұр деп айтсақ артық болмас
Қызмет барысында өзін адал және жауапты қызметкер ретінде таныта білді. Ұжымда құрметке ие. Лауазымдық міндеттерін жеке уақытымен есептеспей атқаруға тырысады, өзіне талап қоя білетін, білімін тұрақты түрде жетілдіріп, оны қызметте басшылыққа ала білетін азамат - біздің Ризабек Мұқанұлы Байдашев!