
ҚР ҚМ МКК № Бұйрығымен бекітілген стандарттарға сәйкес Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуді Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық органдары жүзеге асырады (бұдан әрі – қызмет беруші).
Осы мемлекеттік қызмет көрсету өтініш бергеннен бастап 10 жұмыс күн ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қортындысы болып - Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім немесе осы мемлекеттік қызмет көрсету стандаттарының 10 тармағында көрсетілген негіздемелен бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (хабарлама).
Қызмет алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішпен бірге келесі құжаттарды ұсыну қажет:
уақытша сақтау қоймалары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімі.
Порталға: ЭСҚ қойылған электроды құжаттар нысанындағы өтініш;
уақытша сақтау қоймалары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімінің электронды көшірмесі.
Қызмет алушының жеке тұлғасын сәйкестендіру үшін жеке тұлға куәлігі ұсынылады.
Қызмет берушінің лауазымдық тұлғасы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеме туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 503 бабы 1 тармағы 1) тармақшасымен анықталған талаптарға сәйкес 415 бабының 3 тармағына сәйкес қызмет алушының аумағымен үй-жайларына кедендік қарау жүргізеді.
Қызмет алушының аумағымен үй-жайларына кедендік қарау жүргізу кезінде қызмет берушінің лауазымдық тұлғасына келесі құжаттардың түпнұсқасымен бірге көшірмелерін ұсынады:
- уақытша сақтау қоймалары ретінде қолданылатын өздерінің орындары (орындардың бөлігі) және (немесе) ашық алаңдары немесе жалданған орындарды растау;
- тиеп-түсіретін механизмдер немесе тиеп-түсіретін механизмдерді қолдануына байланысты қызмет көрсететін тұлғалармен келісім;
орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипаттамаларына сәйкес сертификатталған өлшеу құрылғысы, арнайы газ сақтайтын жер болған жағдайда – сәйкесінше есеп құрылғысы.
Сонымен қатар, ұсымынлған құжаттардың көшірмесі қызмет алушыда қалатын үй-жайлармен алаңдардың кедендік қарау актысымен қоса беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушы ақпараттық жүйеде бар заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді қолдануға жазба түрінде келісім ұсынады, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылмаса.
Қызмет алушымен барлық қажетті құжаттарды ұсыну кезінде қызмет алушыдан ақпаратты жүйеден алуға болатын құжаттарды талап етуге тиым салынады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден келесі жағдайларда бас тарту негізі болып табылады:
- осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының 9 тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбаса.
- Кодекстің 503 бабының талаптарына қызмет алушы сәйкес келмесе.