Жарияланған күні: 08.12.2022 08:26
Өзгертілген күні: 08.12.2022 08:27

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде кедендік тасымалдаушылардың  және бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын аяқтады.

 «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанына кезең-кезеңмен көшу «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» 2022 жылғы 28 қарашадан  және «Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» 2022 жылғы 5 желтоқсаннан басталды. Бастапқы кезеңде қызмет көрсетудің қағаз нысаны сақталады. Қағаз нысанын жою күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ  ақпараттық жүйеде дербес тіркелу бойынша нұсқаулықтар («Онлайн оқыту» бөлімі) http://eokno.gov.kz порталының негізгі бетінде орналасқан. Кедендік тексеруді жүргізу күні, сондай-ақ өтінішті қарау мәртебесі туралы хабарламаларды жіберу үшін дербес тіркелу кезінде қолданыстағы ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажеттігіне назар аударамыз.  

Пайдаланушыларды қолдану қызметі e-okno@kgd.minfin.gov.kz.

Өтініш нысанын толтырумен байланысты сұрақтарды ШҚО бойынша МКД КӘБ бас маманы Қ.К Конешпаев және КӘБ бас маманы А. К. Жуманова 8 (7232) 245710 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлердің байланыс деректері 8 (7172) 71828, o.turlybekov@kgd.gov.kz.