Жарияланған күні: 20.08.2021 15:40
Өзгертілген күні: 20.08.2021 15:42

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 23 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 12 тамыздағы № 240 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 12 тамыздағы № 804 бірлескен бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы» қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілгендігін хабарлайды.

 

 

Қазақстан Републикасының аумағынан әкетуге тыйым салуға қатысты тауарлардың тізбесі

 

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі Тауарлық номенклатурасының коды ( бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды)

Тауардың атауы

1.

1214 90 900 0

Пішен

2.

2309 90 960 9 ішінде

Сүрлем

3.

1004 10 000 0

Тұқымдық сұлы

4.

1004 90 000 0

Басқа да сұлы

5.

1002 10 000 0

Тұқымдық қарабидай

6.

1002 90 000 0

Басқа да қарабидай