Жарияланған күні: 11.10.2023 09:01
Өзгертілген күні: 11.10.2023 09:03

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылғы 11 қазанынан бастап, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 337 бұйрығына сәйкес, «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы»

- Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен;

- лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің, құс шаруашылығы кәсіпорындарының мекенжайына темір жол көлігімен бидай әкелуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен темір жол көлігімен бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 100119; 100199) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілгендігін хабарлайды.

 

Қазақстан Републикасының аумағына әкелуге тыйым салуға қатысты тауарлардың тізбесі

 

  1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі Тауарлық номенклатурасының коды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды) * 100119-«Басқа қатты бидай»;
  2. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі Тауарлық номенклатурасының коды (бұдан әрі–ЕАЭО СЭҚ ТН коды) * 100199-«Бидай және меслин басқа».