Жарияланған күні: 13.05.2024 17:51
Өзгертілген күні: 13.05.2024 17:53

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 15 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі №136 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынғанын хабарлайды.