Жарияланған күні: 24.11.2016 16:04
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:36

Көрсетілген шарттарға сай келетін, көзделген арнайы оңайлатуларды пайдалануға құқылы заңды тұлға уәкілетті экономикалық оператор болып табылады (ары қарай - УЭО).

Кеден кеңесіндегі уәкілетті экономикалық оператор – бұл арнайы жеңілдетілген ресімдермен қолдануға мүмкіндік берілген, кеден органдарының сенімін қолданатын тұлғалар белгіленген категориясы.арнайы кедендік оңайлатуларды қолдану оларғалогистикалық тізбекті оңтайландырукедендік ресмімдерге қатысты уақыт пен қаржы шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Қазыргі уақытта уәкілетті экономикалық оператор институтының құқықтық реттеу екі деңгейде жүргізіледі- Кеден кеңесінің кедендік кодексінің және ҚР кеден ісі туралы кодексі.         

Заңды тұлғаға УЭО мәртебесін Мемлекеттік кірістер комитеті (ары қарай - Комитет) УЭО тізіліміне енгізу туралы куәлік беру арқылы береді және ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.

УЭО тізіліміне енгізілгені туралы куәлікті алу үшін заңды тұлға Комитетке «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексімен көзделген өтініштер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 659 бұйрығымен бекіткен нысан бойынша өтінішті ұсынады.

Өтінішке қоса берілетін келесі құжаттар:

1. «Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнама нысандарын, уәкілетті экономикалық операторлар тізілімін, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлікті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 26 шілдедегі № 372 бұйрығымен бекітліген нысан толтырылған сауалнаманы;

2. аудиторлық есепті;

3. тиісті құжаттармен расталатын, өндірістік операциялар жүзеге асырылатын, меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару немесе жалдау (қосалқы жалдау) құқығындағы не өзге заңды негіздегі үй-жайлардың, ашық алаңдардың және өзге аумақтардың болуы;

4. кедендік баждар мен салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растайтын құжаттар:

- кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша аудару туралы төлем құжатының көшірмесін;

- төлеуші мен кеден органы арасында жасалған мүліктік кепіл шартын және мүлік кепілінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебін;

- банк кепілдігі шартын;

- кепілгерлік шартын;

- төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тәсілдерінің кез келгенін таңдауға құқылы;

- кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету растау(ары қарай-БҚЕР);

- кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету карточкасы (ары қарай - Карточка).

СЭҚ қызмет аймағына тіркелген Мемелекеттік кірістер департементі БҚЕР және карточкасын береді .

Комитет өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде ондағы мәліметтерді тексереді, сондай-ақ СЭҚ қызмет аймағына тіркелген Мемелекеттік кірістер департементіне көзделген УЭО мәртебесін беру шарттарына сәйкестігіне көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тапсырады.

Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеру жүргізу нәтижелері бойынша Комитет өтініш және көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей УЭО тізіліміне тұлғаны енгізу туралы куәлік беру не, бас тарту себептерін көрсете отырып, мұндай куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

УЭО мынадай арнайы оңайлатулар беріледі:

1) УЭО үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге аумақтарында тауарларды уақытша сақтау;

2) кедендік транзит рәсімін жүзеге асыру кезінде кеден органдары кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етудің ұсынылуын талап етпейді;

3) кедендік декларацияны беру алдындағы кедендік операцияларды жасаудың және кедендік рәсіммен орналастырудың бірінші кезектегі тәртібі;

4) мерзімдік кедендік декларациялауды жүзеге асыру кезінде кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылмайды.

УЭО мынадай қосымша арнайы оңайлатулар берілуі мүмкін:

1) УЭО үй-жайларында, ашық алаңдарында, аумақтарында тауарларды шығаруға байланысты кедендік операциялар жүргізу;

2) УЭО сыртқы сауда келісім щенберінде әкелінген тауарлар, декларант келесі құжаттарды тапсырғанда кедендік декларацияны бергенге дейін тауарлар шығарылады;

-тауарларды жөнелтуші және алушы, тауарларды жөнелтуші және жеткізілу межеленген ел туралы мәліметтер, тауардың атауы, сипаттамасы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кемінде алғашқы төрт белгі деңгейіндегі сыныптау коды, тауарлардың саны, брутто салмағы және құны бар коммерциялық немесе өзге де құжаттарды;

-оның кедендік декларацияны бергені және тауарларды шығару айынан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тауарларды пайдалану мақсаты және тауарлар орналастырылатын кедендік рәсім туралы мәліметтер қамтылған қажетті құжаттар мен мәліметтерді табыс еткені туралы жазбаша нысандағы міндеттемені;

  -тыйым салулар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар мен мәліметтерді табыс еткен жағдайда кедендік декларацияны берген кезге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.

3) УЭО үшін кедендік транзит рәсімі егер әуе көлігі халықаралық рейс жасау уақытында келген жерінде тауарларды ішінара тиемей (түсірмей) аралық немесе мәжбүрлі түрде (техникалық) қонса, кедендік транзит әуе көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды.

Сонымен заңды тұлға УЭО мәртебесін алуымен келесі артықшылықтары болады:

- УЭО берілетін арнайы оңайлатулар,

- кедендік шекарадан өту ресімін тездету,

-  қаржылық шығынды төмендету,

- тауарларға арналған декларацияларды ұсынғанған дейін тауарларды қолдану,

- электронды декларациялау және алдын ала ресімін қолдау мүмкіндігі,

- компанияның беделін көтеру,

- жүктің сақталуы ,

- кадрлық және ақпараттың қауіпсіздігі,

- құжат айналымын азайту,

- ең аз құжаттар.

УЭО мәртебесін алу келесі шарттарға сәйкес болу қажет:

1) кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ұсынылатын бір миллион евроға баламалы сомаға кемінде бір жыл мерзімге қамтамасыз етудің болуы.  

Тауарларды өндіру қызметін жүзеге асыратын және (немесе) 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №872 Кеден одағы Комиссияның шешімімен айқындалған критерийлерге сәйкес келген кезде кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды экспорттайтын тұлғалар мұндай қамтамасыз ету ұсынылатын күнге бір жүз елу мың евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынады;

2) әрбір жыл үшін тауарларға кемінде он декларациясы болған кезде, УЭО мәртебесін алу үшін кеден органына өтініш жасаған күнге дейін үш жыл бойы сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;

3) кеден органына өтініш жасалған күнге кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің болмауына;

4) кеден органына өтініш жасалған күнге берешектің (бересінің) болмауы;

5) кеден органына өтініш жасалған күнге өтініш берушінің, құрылтайшылардың, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлердің 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес жойылмаған сотталғандығы фактілерінің болмауы;

6) кеден органына өтініш жасалған күнге өтініш берушінің бір жыл ішінде 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 404, 405, 409, 410, 411, 412, 413, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 426 – 434, 438 және 438-1-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 527, 528, 531 – 535, 537 – 545, 548 – 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы;

7) кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына табыс етілген мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін, тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің болуы; 

8) өтініш беру күніне дейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн бұрын жасалған және заңды тұлғаның көрсетілген есепті жасау күніндегі валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың еуроны құрайтын меншікті капиталы туралы ақпаратты қамтитын аудиторлық есептің және (немесе) аудиторлық есептердің болуы. Бұл ретте аудиторлық есеп оны жасау күнінің алдындағы күнтізбелік отыз алты ай кезеңіне жасалуы тиіс;     

9) тиісті құжаттармен расталатын, өндірістік операциялар жүзеге асырылатын, меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару немесе жалдау (қосалқы жалдау) құқығындағы не өзге заңды негіздегі үй-жайлардың, ашық алаңдардың және өзге аумақтардың болуы;     

10) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.