Жарияланған күні: 30.09.2019 18:30
Өзгертілген күні: 22.11.2019 14:36

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау алдындағы бағдарламасын жүзеге асыру аясында, халық және мемлекет игілігі үшін қызмет ететін заманауи мемлекеттік аппаратты қалыптастыру туралы міндет қойылған. Қазақстан қоғамы мен мемлекетті одан әрі жаңғыртуға бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдары тарапынан осы бағытта тұрақты түрде жұмыс жасалуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Баршаға ортақ  игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу»  сайлауалды  бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралардың бірі жаңа инвестициялық жобаларды  іске асыратын кәсіпорындарға салықтық несие беру тетігін енгізу.

Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің заңнамада дамыған елдердегідей салықтық несие сияқты кең таралған құрал жоқ. Оны Салық кодексіне енгізудің уақыты келді деп санаймын. Жаңа кәсіпорындарға үш-бес жылға дейінгі мерзімде салықтық несие алу мүмкіндігі болуы керек» - деді.

 Бірінші кезекте, «салықтық несие» деген не екенін анықтау керек. Салықтық несие  (Tax base –ағылш.) – бұл салық төлеу және өндіріп алу мерзімін кейінге қалдыру.

Салық заңнамасының құқықтық қатынастарында «несие» салық төлеу мерзімін өзгерту деп түсініледі. Бұл жағдайда салықтық несие  азаматтық-құқықтық қатынастардағы несиеден өзгеше, бұл жерде «несие» дегеніміз банк немесе басқа несие ұйымы қарыз алушыға оны пайыздармен өтеу міндеттемесін беретін ақша сомасы.

Салықтық несие, салық кодексіндегі салық төлеу мерзімін салықтық міндеттемелерді орындау үшін белгілі бір кестеге сәйкес кейін қалдыру, бөліп төлеу жоспары бойынша өзгерту туралы ережелерден айырмашылығы неғұрлым ұзақ мерзімге және нақты белгіленген жағдайларда берілуі.

Ұлттық экономика министрлігі жаңа инвестицияларды тарту және жаңа өндірістерді   дамыту үшін КТС және мүлік салығы бойынша 3 жылға инвестициялық пайызсыз салық несиесін енгізуді ұсынады. Егер инвестициялық бағдарлама орындалмаса, онда айыппұл салынады.

Инвестициялық салықтық несие беру кәсіпорын табысын неғұрлым ұтымды пайдаланылуына ықпал ететін мемлекеттік қолдау шараларының бірі. Бұл несиенің артықшылығы, кәсіпорындар инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында белгілі бір уақыт ішінде кірістерін өз бетінше басқара алатындығында.

Бірқатар дамыған елдер салық несиелерін бұрыннан іс жүзінде қолданып келеді. Мысалы, инновацияны ынталандырудың ұқсас құралы-керемет шегерім- Румыния, Польша, Финляндия елдерінде қолданылады. Төлемдерді уақыт бойынша қайта бөлу жүйесі (арнайы шығындар есебі) Қытай, Жапония елдерінде қолданылады.

Осылайша, мемлекет үшін салықтық несие құралының маңыздылығы салық төлеуді кейінге қалдыру арқылы, ал іс жүзінде белгілі бір уақыт ішінде бизнестің жекеленген элементтерін дамытуға мемлекет қаражат бере отырып қамтамасыз етіледі, шартта мемлекет салық төлеуші үшін мақсаттар мен міндеттер қоя алады және олардың қол жеткізілуіне әсер етеді. Егер міндеттер орындалмаса, бұл салық заңнамасында белгіленген барлық салықтар мен санкцияларды төлеуге әкеледі.

2020 жылдан бастап, ҚР Салық кодексіне инвестициялық салықтық несиелерді енгізу мәселесі бойынша өзгерістер болады деп күтілуде.

 

ШҚО бойынша Мемлекеттік

 кірістер департаментінің басшысы

С.С.Бимағамбетов