Жарияланған күні: 13.09.2023 17:40
Өзгертілген күні: 13.09.2023 18:40

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Е. М. Татубаев 2023 жылдың 11 қыркүйек айында Самар, Күршім, Зайсан аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының және 2023 жылдың 12 қыркүйек айында «Майқапшағай» кеден бекетінің лауазымды тұлғаларымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау мәселесі бойынша кеңестер өткізді.

Кездесу жанданған форматта өтті, онда мемлекеттік кірістер аумақтық басқармалары қызметкерлерінің сұрақтарына Әдеп жөніндегі уәкіл Е. М. Татубаев жауап беріп, қажетті ақпарат берді.

Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкіл Е.М. Татубаев Салық кодексінің 118-бабы 1-тармағының 7-тармақшасының және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 524-бабының талаптарын сақтау бойынша салық төлеушілермен жұмыс, жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімдерінің және кеден бекетінің лауазымды тұлғаларымен профилактикалық жұмыс жүргізді (ШҚО бойынша МКД-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері шеңберінде).

Кездесулер аяқталғаннан кейін ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Е.М. Татубаев қызметтік әдеп нормаларын тұрақты сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексінің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.