Жарияланған күні: 25.04.2023 15:49
Өзгертілген күні: 25.04.2023 16:09

2023 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі (бұдан әрі - ӘЖУ) Тұяқов Бауыржан Орынбайұлымен Ұлан және Шемонаиха аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін сақтау мәселесі бойынша кездесу және әңгімелесу өткізілді.

Кездесу барысында ӘЖУ Тұяқов Бауыржан Орынбайұлы қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп Заңнамаларды талқылады.

Кездесудің соңында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі Ерик Мухамедканапиянович Татубаев өткізілген кездесулер үшін Бауыржан Орынбайұлы Тұяқовқа алғыс білдіріп, келешектегі жұмысына сәттілік тіледі.

Бауыржан Орынбайұлы Тұяқов өз кезегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің басшылырына мемлекеттік қызметшілерге қатысты өзекті мәселелерді жеткізуге уәде берді.