
ПРЕСС – РЕЛИЗ
2020 жылдың 15-16-20 қаңтар күндері Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі-Департамент) басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі Ерик Мухамедканапиянович Татубаев және Департаменттің Адам ресурстар басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Жанар Кабдыкадыровна Шамшина Департаменттің Глубокое, Ұлан, Бесқарағай аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (бұдан әрі-Әдеп кодексі) мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» атты тақырыпта шығарылған жиналыс өткізілді.
Өз баяндамасында Е.М. Татубаев Әдеп кодексімен мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлқына, өз функционалды міндеттерін дұрыс, анық, уақытылы орындауына жоғары талап ғана қоймай, сонымен қатар, мемлекетік қызметкерлердің сырт келбетіне де жоғары талап бар екенін айтып, және де мемлекеттік қызметкерлер арасында тұлға аралық қатынастарды, басшы мен бағыныстағы қатынастарды реттейтінін көрсетті.
Әдеп кодексінің талаптардың бірі:
- өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
.- өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.
Осыған байланысты ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі ШҚО бойынша МКД мемлекеттік қызметкерлердің жағынан әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауын Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүйесінің негізінде мониторингі тоқсан сайын жүргізіледі.
ШҚО бойынша МКД мемлекеттік қызметкерлердің жағынан Әдеп кодексінің бұзылған фактілері туралы айтып берді. Глубокое, Ұлан, Бесқарағай аудандары бойынша МКБ жүргізілген сауалнама қорытынсы айтылды.
Жасалған сыбайлас-жемқорлық фактілер туралы статистикалық мәліметтер көрсетілді. Жиналыс барысында елдің басқа аймақтарында мемлекеттік кірістер органдардың лауазымды қызметкерлерді ұстау фактілері туралы баяндады. Мемлекеттік кірістер органдардың лауазымды қызметкерлердің және жұмыскерлердің жағынан сыбайлас-жемқорлық құқықбұзушылық жасау фактілерін алдын-алу туралы ШҚО бойынша МКД жүргізілген жұмысын көрсетті.
Жиналыстың соңында қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.
Жиналыстың қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл ШҚО бойынша МКД барлық мемлекеттік қызметкерлерден Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексін және басқа да күнделікті жұмыста қолданатын нормативтік-құқық актілерін сақтауын талап етті.
Қатысқандарға алғысын айтып, жұмыста сәттілік тіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің қызметтік тергеу
бөлімі