
Қазақстан - Американдық еркін университеті алаңындағы оқыту
2023 жылғы 18 қазанда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жоғары оқу орындарымен жасалған Меморандум шеңберінде Қазақстан - Американдық еркін университетінің студенттеріне дәріс өткізді.
Дәріс барысында Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова студенттерді корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы бойынша салық заңнамасының нормаларымен, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу мәселелерімен таныстырды.
Сонымен қатар, спикер шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін таңдау, салық есептілігін ұсыну, жалпыға бірдей декларациялау, жеке тұлғалардың банкроттығының тәртібі және салық заңнамасындағы басқа да жаңашылдықтар бойынша сөз сөйледі.
Дәріскер студенттерді салық міндеттемелерін орындау және бизнес жүргізу мақсатындағы «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business» мобильді қосымшаларының артықшылықтары және Telegram қосымшасындағы ҚР ҚМ МКК @SalyqBot чат-ботының жаңа сервисі туралы хабардар етті.
Дәріс соңында спикер студенттердің салықтық әкімшілендіру бойынша сұрақтарына жауап берді.