Жарияланған күні: 11.11.2024 17:55
Өзгертілген күні: 11.11.2024 17:56

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық есептілігі мен салық төлеу мерзімінің басталғанын еске салады.

 15 қараша 2024 жыл:

▫️ 101.03 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталған КТС есебі;

▫️ 101.04 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін резидент емес тұлғаның табысынан төлем көзінен ұсталған КТС есебі;

▫️ 200.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;

▫️ 300.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсаны үшін ҚҚС бойынша декларация;

▫️ 400.00 және 421.00 нысандары – 2024 ж. қыркүйек айы үшін акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп айырысу;

▫️ 570.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін экспортқа арналған рента салығы декларациясы;

▫️ 590.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы декларациясы;

▫️ 710.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін ойын бизнесіне салық декларациясы;

▫️ 860.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін жерүсті су ресурстарын пайдалану үшін төлем декларациясы;

▫️ 870.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлем декларациясы;

▫️ 880.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін цифрлық майнинг үшін төлем декларациясы;

▫️ 913.00 нысан – 2024 жылдың 3-тоқсан үшін бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация.
  20 қараша 2024 жыл:

▫️ 328.00 форма – 2024 жылдың қазан айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.

▫️ 2024 жылдың қазан айы үшін ҚҚС (Еуразиялық экономикалық одақ аясында);

▫️ 2024 жылдың қазан айы үшін акциз, соның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттерінен импортталған тауарлар бойынша.

 Төлемдер бойынша:

 25 қараша 2024 жыл:

▫️ 2024 жылғы қараша айына КТС аванстық төлемдері;
 ▫️ 2024 жылғы қазан айында төленген табыстардан төлем көзі бойынша ұсталған КТС, ЖТС;

▫️ 2024 жылғы қазан айында төленген табыстардан ЖТС;

▫️ Арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, АСР қолданатын ЖК-нің 2024 жылғы қазан айындағы табыстарынан ЖТС;

▫️ 2024 жылдың 3-тоқсан үшін бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияда көрсетілген КТС, ЖТС;

▫️ 2024 жылғы 3-тоқсан үшін ҚҚС.