
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қазандағы № 719, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 28 және «Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 928 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Қазақстан Республикасының аумағынан легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатты (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 1 00 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0); Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан жөндеу үшін әкетілетін және кері әкелінетін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 8607 19 100 1, 8607 19 100 9, 8607 19 900 9, 8607 21 1009 , 8607 21 900 9, 8607 30 000 0, 8607 99 800 0, 8607 29 000 0, 8607 12 000 0) бұрын қолданыста болған жылжымалы құрамның элементтерін қоспағанда, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 7204, 7404 00, 7602 00, 8548 10 210 0, 8548 10 290 0, 8548 10 910 0), сондай-ақ бұрын қолдануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемдері мен жылжымалы құрамның элементтерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7302, 7303, 7304, 7305, 7306, 8607) автокөлікпен әкетуге 2 жыл мерзімге тыйым салу енгізілді.
Осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген тауарлар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бес жұмыс күні бұрын, бірақ тауарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудің болжамды күніне дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне жылжымалы құрамның элементтеріне жөндеу жүргізуге арналған шарттарды (келісімшарттарды), тауарларға арналған декларацияны (қажет болған жағдайда), сондай-ақ көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстардың актісін ұсынады. Құжаттарды ұсыну тауарларды өткізу жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктінің атауы мен күнін көрсете отырып беріледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан осы бұйрықтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тауар, күні және тауарларды өткізу жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункті туралы хабардар ету керек.