Жарияланған күні: 20.06.2024 10:33
Өзгертілген күні: 20.06.2024 10:44

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 18 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 11 маусымдағы № 196 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы құрақ қантының немесе қызылша қантының және қатты күйдегі химиялық таза сахарозаның (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 1701) (бұдан әрі – қант) халықаралық транзитін, сондайақ «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортын реттеу шараларын іске асыруы жөніндегі негізгі тәсілдер туралы» Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 8 өкімін іске асыруға қабылданған индикативті баланстар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына орын ауыстыруын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қантты әкетуге 2024 жылғы 31 тамызға дейінгі мерзімге тыйым салынғанын хабарлайды.