Жарияланған күні: 13.10.2022 17:55
Өзгертілген күні: 13.10.2022 17:56

2022 жылдың 12 қазанында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында салық төлеушілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарымен анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау тәртібі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Журналистермен түсіндірме сұхбатты аймақ бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Татубаев Ерік Мұхамедқанапиұлы жүргізді.
Баспасөз конференциясының барысында Ерік Татубаев камералдық бақылау қалай жүзеге асырылатыны, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімдері мен тәртібі, хабарламаны орындамаған сондай-ақ байланыс ұйымы хабарламаны қайтарған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарымен қабылданатын шаралар туралы сөз сөйледі.

Баспасөз конференциясын қорытындылай келе, Департамент басшысының орынбасары камералдық бақылаудың мәні – салық төлеушінің анықталған бұзушылықтарды өздігінен жоюына бағытталғанын атап өтті және барлық кәсіпкерлерді заңда белгіленген мерзімдерді сақтауға шақырды.

Толығырақ келесі сілтеме бойынша: https://fb.watch/g7kbWaKb75/