Жарияланған күні: 23.08.2022 11:23
Өзгертілген күні: 23.08.2022 11:24

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 142-баптың 1-тармағының 17) тармақшасына, 172 және 394-баптарына, 464-бабының 2-тармағына, 465-бабының 6-тармағына, 469-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына, 480-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес "акциздік таңбалар" термині "сәйкестендіру құралдары" терминіне ауыстырылды. Бұл норма 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Сәйкестендіру құралы – штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты түрде сәйкестендірудің өзге құралы (технологиясы) пайдаланыла отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі ("Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 31-тармағы).

Темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау темекі өнімдерінің өндірістен/импорттан соңғы тұтынушыға сатылғанға дейін қадағалануын қамтамасыз етеді.

Осындай таңбалаудың арқасында тұтынушыларға сатып алынған тауар туралы толық ақпарат алу мүмкіндігі беріледі.

 

ШҚО бойынша МКД ЖСӘБ бас маманы -

Ж.Шамшина