Жарияланған күні: 29.01.2020 09:56
Өзгертілген күні: 29.01.2020 10:01

Жеке пайдалануға, арналған тауарларды өткізетін жеке тұлғаларға ақпарат үшін, 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының Шешімімен (одан әрі - Шешім) 2020 жылғы
1 қаңтардан бастап
халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жөнелтілетін (одан әрі - халықаралық пошта жөнелтілімдері), сондай- ақ кедендік баждар, салықтар төленбей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар нормаларының төмендеуі көзделгенін хабарлаймыз. Осы нормалар 200 еуро және 31 кг  болды. Бұл ретте, бір жеке тұлғаның мекенжайына тауарлардың жеткізу жиілігі (күнтізбелік 1 айдың ішінде) есепке алынбайды.

Сонымен қатар, Шешімде көрсетілген нормаларынан асқан жағдайда төленетін кедендік баждардың, салықтардың ставкалары төмендеуі көзделген. Шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ставкалар құндық немесе салмақ нормаларынан асқан бөлігінде салмағына 1 килограмм үшін 2 еуродан кем емес, ал құнына 15 пайызды  құрайтын болады. Сондықтан Заңнамада көрсетілген  халықаралық  пошта жөнелтілімдері айына бірнеше реттен асқан жағдайда халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы келетін тауарларға тек қана көрсетілген нормададан асқан бөлігіне  (артық салмағына)кедендік баждар және салықтар алынады.

Жоғарыда көрсетілген нормалар тек жеке пайдалануға арналған тауарларға ғана қолданылатындығын назарға алу керек. Жоғарыда көрсетілген нормалар жеке пайдалануға арналмаған ЕАЭО кеден шекарасы арқылы өткізетін және кәсіп қызметінде пайдалану үшін әкелінген тауарларға қатысты пайдалынбайды. Осындай тауарлар ЕАЭО кеден шекарасы арқылы жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен өткізуге жатқызылады.

Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімінің 3 бабының 1 тармағына сәйкес жеке тұлғалар кедендік шекара арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызуды кеден органы:

жеке тұлғаның Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар туралы ауызша нысандағы немесе жолаушыларға арналған кедендік декларацияны пайдалана отырып жазбаша нысандағы өтінішін;

тауарлардың сипаты мен санын;

ЕАЭО кедендік шекарасын жеке тұлғаның кесіп өту және (немесе) осы жеке тұлғаның немесе оның атына ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу жиілігін негізге ала отырып жүзеге асырады.

Одан басқа, шетелдік интернет-дүкендерінен посылкаларды жиі алатын жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 35 бабының 2 тармағына сәйкес жеке кәсiпкерлiктен ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық кірісі болса жеке тұлғалар дара кәсіпкер ретінде мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге қою қажеттілігін мәлімдеу қажет.

                      

ШҚО бойынша МКД «Бақты» кеден

бекетінің жетекші маманы Назым Тогусова