
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы
17 наурыздағы № 35 Шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» Шешіміне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
Осы Шешіммен тасымалдаушы жеткізетін немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің құндық шектерін 2022 жылғы 1 қазанға дейін 200 евродан
1000 евроға дейін арттыру көзделген. Бұл ретте салмақ шегі қолданыстағы шектерде қалады-31 кг дейін.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы
17 наурыздағы № 35 Шешімі 2022 жылғы 31 наурыздан бастап күшіне енеді (Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында 2022 жылғы
21 наурызда жарияланған).
Осылайша, 2022 жылғы 31 наурыздан бастап құны 1000 евроға дейінгі ЕАЭО кедендік аумағына тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдер алынбайды.
2022 жылғы 31 наурыздан бастап берілген кедендік декларация бойынша құны 1000 евродан асатын ЕАЭО кедендік аумағына тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдер алынуға жатады.
2022 жылғы 1 қазаннан бастап тасымалдаушы жеткізетін немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің құндық нормасы бұрынғыдай
200 еуроны құрайтын болады.
ШҚО бойынша МКД «Бақты» кеден бекетінің жетекші маманы
Назым Тогусова