Жарияланған күні: 26.05.2023 18:53
Өзгертілген күні: 26.05.2023 19:05

2023 жылғы 26 қыркүйекте ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шығыс Қазақстан облысының басқа мемлекеттік органдарымен қатар «Халық заңгері» республикалық акциясына қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына өз сұрақтарын қою және тегін заң көмегін, соның ішінде салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша көмек алу мүмкіндігі берілді.
Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері «E-Salyq Аzamat», «e-Salyq Business» мобильді қосымшаларын және телеграммдағы Чат-Бот SalyqBot цифрлық салық кеңесшісін пайдалану мүмкіндіктері мәселелері бойынша кеңес берді.