Жарияланған күні: 02.11.2022 11:32
Өзгертілген күні: 02.11.2022 11:39

07 қараша күні сағат 10.00-де ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлескен «Темекі бұйымдарын таңбалау» тақырыбында көшпелі семинары өтеді.

Семинар барысында азаматтар ШҚО бойынша МКД-нің және «Қазақтелеком» АҚ-ның уәкілетті тұлғаларына таңбалау қағидалары бойынша, темекі бұйымдарын таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінің (МПТ АЖ) функционалына, мобильді қосымшалармен жұмыстарды жүзеге асыруға қатысты, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ-ның және Мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіндегі өзге де мәселелер бойынша сұрақтарды қоя алады.

Өткізілу орны: Өскемен қ., Мызы к-сі, 16/1, «Альшемали» СҮ.