
Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы
2019 жылғы 27 қазанда бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда аймағын құруға алып келетін 2018 жылғы 17 мамырдағы Уақытша келісім (Бұдан әрі – Тараптар, Уақытша келісім) күшіне енді.
Уақытша келісімнің 2.3-бабына сәйкес әрбір Тарап екінші Тараптың шығарылатын тауарларына қатысты Уақытша келісімнің 1-қосымшасына сәйкес оның тарифтік міндеттемелер тізбесіне сәйкес белгіленген режимнен қолайлылығы кем емес режим ұсынады.
Осыған байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы (бұдан әрі – ЕЭК) 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 10 «Иран Ислам Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының преференциялық ставкалары туралы» шешім қабылдады (бұдан әрі – ЕЭК Алқасының № 10 шешімі). Осылайша, ЕЭК Алқасының № 10 шешімімен бекітілген Тізбеге енгізілген тауарларға қатысты преференциялық тарифтік режимді алу мақсатында тауарларға арналған декларацияда 36-бағанның екінші бөлімінде уақытша келісім шеңберінде тарифтік преференцияларды қолдану туралы мәліметтерді мәлімдеу қажет. Аталған мүмкіндікті техникалық іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 8 қазандағы № 174 шешімі қабылданды. Осыған байланысты уақытша келісім шеңберінде тарифтік преференцияны пайдалану ниетін тауарларға арналған декларацияның 36-бағанының 2-элементінде «ИР» екі таңбалы әріптік кодын көрсету жолымен көрсетуге болады.
Бұдан басқа, уақытша келісімнің 6.15-бабының ережелерін да назарға алу қажет, оларға сәйкес преференциялық тарифтік режимді алу үшін импорттаушы Тараптың кеден органына уақытша Келісімнің 6-тарауының II бөлімінің талаптарына сәйкес тауардың шығу тегі туралы сертификатты (СТ-3 нысаны) ұсыну қажет, мұндай құжат туралы мәліметтерді «06999» кодымен тауарларға арналған декларацияның 44-бағанында көрсету қажет.
Кеден органдарына ұсынылған тауардың шығу тегі туралы Сертификат түпнұсқалық, жарамды, Уақытша келісімге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған, сондай-ақ Уақытша келісімге 3-қосымшада белгіленген талаптарға сәйкес толтырылған болуы тиіс.
Сондай-ақ Уақытша келісімге сәйкес артықшылық тарифтік режим шығарылатын тауарларға қатысты экспорттаушы Тараптың аумағынан импорттаушы Тараптың аумағына оларды тікелей жеткізу шартымен беріледі (уақытша келісімнің 6.9-бабы).
Егер тауарларды кедендік декларациялау кезінде СТ-3 нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат болмаған жағдайда, әкелу бажы ЕАЭО БКТ ставкасы бойынша төлеуге жатады.
Уақытша келісімнің 6.17-бабының 8-тармағына сәйкес, осы Келісімнің 6.15-бабының 4-тармағына нұқсан келтірместен, тауардың шығу тегі туралы сертификат (СТ-3 нысаны) тауарды әкелгенге дейін немесе күні берілмеген ерекше жағдайларда, ол тауарды әкеткеннен кейін берілуі мүмкін, бұл ретте сертификатта «ISSUED RETROACTIVELY» («кейіннен берілді») белгісі көрсетіледі.
Тауардың шығу тегі туралы Сертификат берілген күннен бастап 12 ай ішінде жарамды және осы кезең ішінде, бірақ импорттық кедендік декларацияны берген сәттен кешіктірмей, кеден органдарына ұсынылуға тиіс. Егер әкелу сәтінде импорттаушыда тауардың шығу тегі туралы сертификат болмаған жағдайда, импорттаушы Тарап неғұрлым қолайлы режим шеңберінде көзделген ставкалар бойынша кедендік баждар алады немесе, егер бұл қолданылса, мұндай баждардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынуды талап етеді. Мұндай жағдайда сыртқы экономикалық қызметке қатысушы преференциялық тарифтік режимді мәлімдеуге және төленген кедендік әкелу баждарын өтеуге немесе осы Келісімнің 6.22-бабының барлық талаптары сақталған жағдайда импорттаушы Тараптың ішкі заңнамасына сәйкес кедендік декларация тіркелген сәттен бастап 12 ай ішінде мұндай баждардың төленуін қамтамасыз етуді қайтаруға құқылы.