Жарияланған күні: 12.01.2022 12:09
Өзгертілген күні: 12.01.2022 12:10

2022 жылғы 1 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) халықаралық негізі болып табылатын тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесінің (ҮЖ) жетінші басылымы күшіне енеді.

2022 жылғы ҮЖ басылымы – бұл Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) тұрақты негізде жүргізетін номенклатураны жан-жақты қайта қараудың кезекті бесжылдық циклінің нәтижесі. ДКҰ мәліметінше, ҮЖ жаңа басылымында әлемдік сауданың сипаты мен құрылымының өзгеруіне, жаһандық сипаттағы әлеуметтік және экологиялық мәселелерге байланысты түзетулердің 350-ден астам сериясы бар, оларды келесідей бөлуге болады:

• Ауыл шаруашылығы, тамақ және темекі өнеркәсібі - 77

• Химия өнеркәсібі - 58

• Орман шаруашылығы - 31

• Тоқыма өнеркәсібі - 21

• Металлургия - 27

• Машина жасау саласы - 63

• Көлік - 22

• Қалған салалар – 52.

Егер 2017 жылдың номенклатурасымен салыстыратын болсақ, бізде 8 жаңа тауар позициясы пайда болды деп айтуға болады. Ең алдымен, бұл 03.09 тауар позициясы, мұнда ұсақ және ірі тартылған ұн мен балықтан жасалған түйіршіктер жіктеледі, вайперлер және адам ағзасына никотинді жеткізудің өзге де құралдары сияқты жаңа темекі өнімдері үшін 24.04 тауар позициясы, ГФК жіктелетін 38.27 тауар позициясы, 3D-принтерлер үшін 84.85 жаңа тауар позициясы құрылды, өздеріңіз білетіндей, қазір бұл өндірістегі ең дамушы және танымал бағыттардың бірі. Тегіс дисплейлі панелі бар модульдер үшін – 85.24, электр техникалық және электрондық бұйымдардың қалдықтары мен сынықтары үшін – 85.49, пилотсыз ұшу аппараттары үшін, квадрокоптерлер, дрондар үшін – 88.06, ұшу аппараттарының бөліктері – 88.07 тауар позициясы. Сонымен қатар екі тауар позициясы Алып тасталды: 81.07 тауар позициясы – бұл кадмий үшін. Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық ұйымының мәліметтері бойынша кадмий саудасының жалпы көлемі төмендеді және осы тауардың өз тауар позициясына ие болуы үшін қажетті деңгейден едәуір төмен болды.

2022 жылғы ҮЖ-ге енгізілген түзетулер саудадағы, технологиядағы өзгерістерді көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар номенклатураның әмбебап сипатын күшейтеді, оны әртүрлі пайдаланушылардың қажеттіліктерін және өндіріс құрылымы мен технологиясындағы және сауда құрылымындағы өзгерістерді ескереді.

Еуразиялық экономикалық комиссия 2020-2021 жылдар ішінде Еуразиялық экономикалық одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Бірыңғай кедендік тарифін (ЕАЭО БКТ) халықаралық негізге сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты белсенді жүзеге асырды. Комиссия Кеңесі 2021 жылғы 14 қыркүйекте № 80 шешімімен осы құжаттардың жаңа редакциясын бекітті.

 

 

ШҚО бойынша МКД ТРБ