Жарияланған күні: 08.06.2022 16:23
Өзгертілген күні: 09.06.2022 18:08

Өткен демалыс күндері Бұқтырма су қоймасының жағалауында, әсем табиғат аясындағы таза ауада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының 150 - ден астам қызметкерлерін біріктірген ауқымды көшпелі тимбилдинг өтті.

Тимбилдинг қатысушылары үшін әртүрлі локациялары, тапсырмалары және атрибуттары бар арнайы бағдарлама дайындалды.

Команда құрушы тимбилдингті Департамент басшысы Саят Бимағамбетов ашты.

– Аталған іс-шараның мақсаты ұжымдық бірлікті нығайту, корпоративтік мәдениетті арттыру, бірлескен қызметке ынталандыру және командада ортақ міндеттерді шешудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Мерекелік көңіл-күй бізді одан әрі біріктіретініне сенімдімін, бұл біздің ортақ ісіміздің игілігі үшін бірлесе әрі қарай тиімді қызмет атқаруға мүмкіндік береді!, - деп атап өтті Департамент басшысы.

Барлық жарыстар өте көңілді өтті, алаңда достық, белсенді ынтымақтастық және салауатты бәсекелестік атмосферасы орнады.

Тимбилдинг қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер сыйлады.

– Жарыс барысында тапсырмаларды орындай отырып, команданың әр қатысушысының жеке қасиеттері мен мүмкіндіктері ашылды, бұл ұжымның бірігуіне ықпал етті. Тимбилдинг кезінде біз психологиялық серпіліс алдық, мұндай серпіліс жаңа жетістіктерге жету жолында күш қосады, - деп өз әсерімен бөлісті басшының орынбасары Еркін Жолдасбаев.

Жарыстың қорытындысы бойынша «Coca - Cola» командасы жеңімпаз атанса, екінші орынға «Пионерлер» командасы лайық деп танылды, үшінші орынды «Бірлік» командасы иеленді.

Бейнеарнаны көру үшін сілтемеарқылы өтіңіз: https://www.facebook.com/100008885010775/videos/757661645248901